Абдусаламова Капиза Абдрашитовна » «Саурық батыр ауылындағы орта мектебі Бірлік бастауыш мектебімен»
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Саурық батыр ауылындағы орта мектебі Бірлік бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2022

Абдусаламова Капиза Абдрашитовна

    Мен, Абдусаламова Капиза Абдрашитовна, 1968 жылы 23 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында дүниеге келдім. 

Әкем, Абдусаламов Абдрашит, 1942 жылы туылған. Мал шаруашылығы саласында жұмыс істеген, қазіргі таңда зейнеткер.

Анам, Абдусаламова Батикен, 1942 жылы туылған. Мал шаруашылығы саласында жұмыс істеген, қазіргі таңда зейнеткер.

Өзіммен бірге туған 8 бауырым бар, барлығы осы Жамбыл ауданының тұрғындары. 

Әкпем – Абдусаламова Жанат Абдрашитовна, 1964 жылы туған, Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны, тұрмыста, 2 ұлы бар. 

Бауырым Абдусаламов Дархан Абдрашитович, 1965 жылы туған, Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны, отбасында 3 бала бар.

Бауырым Абдусаламов Канат Абдрашитович, 1966 жылы туған, Қарасу ауылының тұрғыны, отбасында 2 бала бар.

Сіңілім – Абдусаламова Ғазиза Абдрашитовна, 1970 жылы туған, Үңгіртас ауылының тұрғыны, тұрмыста, 3 баласы бар. 

Сіңілім – Абдусаламова Жазира Абдрашитовна, 1971 жылы туған, Қарғалы ауылының тұрғыны, 1 баласы бар.

Бауырым Абдусаламов Жайнақ Абдрашитович, 1973 жылы туған, Қарасу ауылының тұрғыны, отбасында 3 бала бар.

Сіңілім – Абдусаламова Жадыра Абдрашитовна, 1977 жылы туған, Қарғалы ауылының тұрғыны, 1 баласы бар.

Бауырым Абдусаламов Қайрат Абдрашитович, 1980 жылы туған, Қарасу ауылының тұрғыны, отбасында 4 бала бар.

     1972-75 жылдар аралығында Қарасу ауылындағы бала-бақшада болдым. 1975-1985 жылдар аралығында Қарасу орта мектебінде оқыдым. 1985 жылы (АПИИЯ) Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының неміс және ағылшын тілі факультетінің студенті болып, 1990 жылы неміс және ағылшын тілдері мұғалімі мамандығы бойынша диплом алдым.

     1990 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Көкөзек ауылының тұрғыны 1968 жылы туылған Сулейменов Канатхан Изтилеуовичке тұрмысқа шықтым. Отбасымда төрт балам бар:

Ұлым Сулейменов Дидар Канатханович 28 маусым 1991 жылы Саурық батыр ауылында туылған. Аудандық төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарады, үйленген. Жұбайы Сырлыбаева Айгерім Әбдіхамитқызы 7 мамыр 1991 жылы туылған, Саурық батыр ауылындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады, 3 балалары бар. 

Ұлым Ізтілеу Елдархан Қанатханұлы 6 маусым 1994 жылы Саурық батыр ауылында туылған. Алматы қаласында Наурызбай аудандық жарықтандыру саласында қызмет атқарады. Үйленген, жұбайы Бекетай Дария Бейбітқызы, ағылшын тілі мұғалімі болып Алматы қаласында жұмыс істейді, 1 балалары бар. 

Ұлым Ізтілеу Елтай Қанатханұлы 18 сәуірде 2002 жылы Саурық батыр ауылында туылған. Қазіргі кезде Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 3-курс студенті.


Қызым Ізтілеу Еркенұр Қанатханқызы 2 маусымда 2009 жылы Саурық батыр ауылында туған, Саурық батыр ауылындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы.


1990 жылдан осы Саурық батыр ауылындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып келемін. 

1990-1992 жыл аралығында мектепте аға пионер вожатый және ағылшын тілі мұғалімі;

1992-2000 жыл аралығында мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары және ағылшын тілі мұғалімі;

2000-2014 жыл аралығында педагог-ұйымдастырушы және ағылшын тілі мұғалімі;

2014-2015 жыл аралығында мектеп директорының оқу ісі орынбасары және ағылшын тілі мұғалімі;

2015 жылдан Саурық батыр ауылындағы орта мектеп директоры лауазымды қызметін атқарып келемін.



Өмірбаян иесі Абдусаламова Капиза Абдрашитовна

                                                          2022жыл

Похожие публикации: