Ибраймова Назира Омарқызы » «Саурық батыр ауылындағы орта мектебі Бірлік бастауыш мектебімен»
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Саурық батыр ауылындағы орта мектебі Бірлік бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2022

Ибраймова Назира Омарқызы

Өмірбаян

Мен  Ибраймова Назира Омарқызы 1982 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылында дүниеге келдім. 10 сыныпқа дейін Жылысай ауылындағы «Майлы Орманов атындағы орта мектепте» оқып, 11сыныпты Талғар қаласындағы №9 «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте» аяқтадым. 2000 жылы Талғар қаласындағы Д.А.Конаев атындағы колледжге түсіп, 2002 жылы «Құқықтану» мамандығын алып шықтым.

Оқуды бітіргенсоң 2002-2004 жылдар аралығында Талғар қаласындағы «Нұр» интернатында түнгі тәрбиеші болып жұмыс істедім. 2005-2006 жылдар аралығында  №3 «Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде» іс-жүргізуші болып жұмыс істедім. 2006-2012 жылдар аралығында  МЧС те вахтер болып  жұмыс істедім. 2012-2013 жылдар аралығында «Otan trave» темір жол компаниясында кассир қызметін атқардым. 2015 жылы «Азия Информ» редакциясында менеджер қызметін атқарып, 2016 да  тұрғылықты жерімнің ауысуына байланысты өз еркіммен жұмыстан шықтым. 2016 жылы Саурық батыр ауылындағы мектепке іс-жүргізуші және кітапханашы қызметі бойынша жұмысқа кірдім. Қазіргі таңда осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс атқарамын.

Әкем Каптагаева Омар Данакулович 1959 жылы  23 ақпанда дүниеге келген. Мамандығы электрик. Қазіргі таңда зейнеткер. Анам Сугирбекова Бигайша Акимбековна 1958 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. Қазіргі таңда зейнеткер. Ағам Каптагаев Мухамед 1981 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Отбасылы төрт баласы бар. Экспедитор болып жұмыс істейді.  Інім Каптагаев Улан 1987 жылы  17 мамырда дүниеге келген. Отбасылы екі баласы бар. Автобус жұргізушісі болып жұмыс істейді. Сіңілім Каптагаева Айгерім 1991 жылы  17 мамырда дүниеге келген. Үйленген 1 қызы бар. Мейірбике болып жұмыс жасайды. Сіңілім Данакул Салтанат  1994 жылы  06 мамырда дүниеге келген, менеджер болйп істейді. Үйленген 1 баласы бар. Өзім отбасылымын. Күйеуім Ибраймов Нурлан 1970 жылы 4 қаңтарды дүниеге келген. Жүргізуші болып жұмыс істейді. 4 балам бар. Қызым Жұмахан Сабина 2004 жылы туылған, студент «Бөбек» колледжінде 2 курста оқиды. Қызым Жұмахан Мерей 2006 жылғы 9 сыныпта оқиды. Қызым Нұрланқызы Талшын 2012 жылғы,3 сыныпта оқиды. Ұлым Жұмахан Батырхан 2019 жылығы, балабақшада.